pdf (English)

Кілтті сөздер

тұрғын үйдің қолжетімділігі, әлеуметтік мобильділік, урбанизация, Тұрғын үйдің қолжетімділік индексі, Қазақстан.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бөлегенова B., Жанатқызы A., & Зерва M. (2025). ҚАЗАҚСТАН АГЛОМЕРАЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК: ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІЛІК ПЕН ИНТЕГРАЦИЯҒА ЫҚПАЛЫН ТАЛДАУ. Қазақстан-Спектр, 113(2). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.114.2.006

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстанның ірі агломерациялары — Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы тұрғын үйдің қолжетімділігін және оның халықтың әлеуметтік мобильділігіне әсерін бағалауға арналған. Жұмыстың мақсаты – тұрғын үйдің қолжетімділігін талдау және оның әлеуметтік өрлеу мүмкіндіктеріне әсерін анықтау. Зерттеудің негізгі бағыттары орташа жалақы мен тұрғын үй құны туралы деректерді сандық талдауды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік индексін (HAI) есептеуді қамтиды. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы әртүрлі қалалардағы тұрғын үйдің қолжетімділігі мен әлеуметтік мобильділікке әсер ететін айырмашылықтарды анықтауда жатыр. Атап айтқанда, Астана мен Алматыда тұрғын үй орташа жалақы есебінен қарағанда қолжетімсіз болып қалып отыр, бұл әлеуметтік мобильділікке кедергі келтіреді, ал Шымкентте жағдай біршама өзгеше. Зерттеу әдістемесі статистикалық деректерді жинау және талдауды қамтиды, бұл тұрғын үй саясаты саласындағы қазіргі үрдістерді егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Негізгі нәтижелер тұрғын үй саясатын және оның әлеуметтік интеграцияға әсерін тереңірек талдау қажеттілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеу тұрғын үйдің қолжетімділігі мен әлеуметтік процестер арасындағы байланысты түсінуге елеулі үлес қосады, бұл осы саладағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және түзету кезінде пайдаланылуы мүмкін. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – әлеуметтік мобильділікті қолдауға арналған тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.114.2.006
pdf (English)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр