pdf (Русский)

Кілтті сөздер

идеология
идеологиялық плюрализм
азаматтық қоғам
ұлттық бірегейлік
идеологема

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Качеев, Д., Тоқтаров, Е., & Оспанов, Т. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ: ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ. Қазақстан-Спектр, 113(2). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.114.2.002

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік идеология қоғам дамуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақстанда «идеологиялық плюрализм» басым болғанымен, мемлекет бағдарламалар мен идеологемалар әзірлеу арқылы қоғам дамуының бағыттарын айқындайды. Қазақстанда ұлттық бірегейліктің этностық тұрғыдағы (қазақ халқының бірегейлігі) және Қазақстан халқының азаматтық бірегейлігі ретінде қалыптасуы маңызды фактор болып табылады. Бұл полиэтностық қоғам құрылымында мемлекеттің ымыраға келуге және қоғамдық дамудың тұрақтылығын сақтауға ұмтылысын көрсететін идеологиялық жұмысқа өзіндік әсер етеді. Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаев жүргізіп отырған ұлт құру саясаты аясында этностық ұлтшылдыққа балама болып табылатын азаматтық ұлтшылдық ерекше маңызға ие болып отыр. Азаматтық ұлтшылдық мемлекет дамуының стратегиясын іске асыруға және әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған идеялар мен құндылықтар төңірегінде қоғамды біріктіруге ықпал етеді.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.114.2.002
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр