Құпиялылық шарттары

«Қазақстан-Спектр» журналы редакциясының мүшелері тағайындалған рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға жарияланғанға дейін қарау үшін қабылданған қолжазба туралы ақпаратты ашпайды. Сондай-ақ редакция авторларға және басқа тұлғаларға рецензенттер туралы мәліметтерді ашпайды.

Жариялау процесіне қатысушылардың мінез-құлқының осы және өзге де нормалары, атап айтқанда авторлардың, редакциялық алқа мүшелерінің, баспагерлер мен рецензенттердің мінез-құлқының қағидаттары, нормалары мен стандарттары халықаралық қоғамдастық қабылдаған жарияланымдар этикасына негізделген.