pdf (Русский)

Кілтті сөздер

орташа мемлекет, «нишалық» дипломатия, сыртқы саясат тұжырымдамасы.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Өтегенова, А. (2023). ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ОРТАША ДЕРЖАВА» МӘРТЕБЕСІНІҢ ТАЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР . Қазақстан-Спектр, 105(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-1.02

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында Қазақстан алғаш рет орташа өңірлік мемлекет ретінде анықталған. Мақалада «орташа мемлекет» (middle power)  ұғымының талдаудың танымал теориялық тәсілдерін қолдану негізінде Қазақстанның осы санаттағы елдерге жататыны қарастырылады. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: біріншісінде «орташа мемлекет» түсінігін талдауға қатысты теориялық тәсілдер зерттелінеді; екіншісінде әрбір тәсіл Қазақстанға қатысты қарастырылады. Елдің позициясы, географиясы және халықаралық аренадағы мінез-құлқы бойынша «орташа мемлекет» анықтамасының үш танымал тәсілі зерттелінеді. Сондай-ақ, жұмыста орташа мемлекет моделіне қатысты салыстырмалы түрде Қазақстан дипломатиясына назар аударылады. Қазақстанға қатысты қолданылған «орта державаларды» талдау тәсілдері елдің орташа мемлекет ретіндегі мәртебесінің қалыптасуы туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстанға қатысты «позициялық» және «географиялық» тәсілдерді қолдана отырып, ел әлеуетті орта держава болып табылады деп айтуға болады. «Мінез-құлық» тәсілін талдауы Қазақстанды орташа өңірлік мемлекет деп тануға мүмкіндік береді.

 

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-1.02
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр