Аңдатпа
Зерттеу тақырыбына ғылыми қызығушылық қазіргі әлемдегі тиімді мемлекеттік басқару көбінесе цифрлық трансформацияның дамуымен анықталатындығына байланысты. Авторлар мемлекеттік басқару саласын цифрландыру мәселесін, оның ішінде ойын теориясының әдісін қолдану арқылы зерттегенін айта кету керек. Осы мақсатта мақалада Орталық Азия аймағының (ОАА) барлық бес елі бойынша мемлекеттік басқару саласын цифрландыру жөніндегі деректер талданды. Дүниежүзілік банк (ДБ) жариялаған инновациялардың таралуы туралы ашық мәліметтерге сүйене отырып, бұл зерттеу негізінен GovTech көрсеткішін қолдануға бағытталған. Аймақ елдері экономикаларының жедел дамуы жағдайында мемлекеттік басқару саласында цифрландыруды дамыту мәселесін зерделеу ерекше маңызға ие болады деп санаймыз.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2022 Қазақстан-Спектр