Аңдатпа
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы ресми, күнделікті және сарапшылық дискурста денсауллықа көзқарастың адам құқытарына негізделген қағидаттарының көрінісі қарастырылады. Авторлар ғылыми әдебиеттер мен халықаралық үкіметаралық құжаттарда денсаулық құқығы және денсаулық сақтау жүйесінің қызметтеріне қол жеткізу құқығы туралы түсініктерді талдады. Зерттеу барысында сонымен қатар ресми сайттардағы деректер, БАҚ материалдары, сарапшылармен сұхбат, әлеуметтік желілер мониторингінің нәтижелері қарастырылды. Үш дискурста да ауылдық жерлердегі медициналық көмекке қол жеткізу проблемалары, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі қиындықтар тіркеледі. Ресми дискурста мамандардың жетіспеушілігі олардың біліктілігіне қарағанда анағұрлым сезімтал мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында адам құқықтарына негізделген денсаулыққа деген көзқарастың мынадай қағидаттары азды-көпті дәрежеде жүзеге асырылады: есептілік, кемсітушілікке жол бермеу, қолжетімділік, қолайлылық және сапа қағидаттары.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр