Аңдатпа
Қазақстанда мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің негізгі тәсілдері заңнамалық деңгейде айқындалған. Нәтижелерді бағалау дегеніміз орталық мемлекеттік органдар мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан жергілікті атқарушы органдар қызметінің тигізетін әсерін объективті бағалау, сонымен қатар мемлекеттік орган қызметі нәжитесінің көрсеткіштері жетістіктерін талдау екені көрсетілген әдістеме жасалынды. Бағалау мемлекеттік органдар қызметіндегі оң және теріс тенденцияларды анықтауға, жүйелі мәселелерді айқындап білуге және қызметті жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұл зерттеу халықаралық тәжірибені зерделеу, республикадағы және шет елдердегі тиімділікті бағалау критерийлері мен көрсеткіштерін салыстырмалы талдауды негізге ала отырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін, атап айтқанда «Персоналды басқару» бағытын жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды негіздейді.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр