pdf (Русский)

Кілтті сөздер

ауыл жастары, әлеуметтік лифт, бейімделу, интеграция, теңсіздік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Төлебаева , М. (2023). АУЫЛ ЖАСТАРЫ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ЛИФТ ЖҮЙЕСІ, БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ. Қазақстан-Спектр, 107(3). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-3.03

Аңдатпа

Бұл мақалада  әлеуметтік жеделсатылар жүйесін пайдалана отырып, ауыл жастарын қоғамға бейімдеу және интеграциялау мәселелері зерттелінген. Автор ауыл жастарының қазіргі жағдайы мен болашағын П.Сорокиннің «әлеуметтік жеделсатылар» теориялық тұжырымдамалары аясында және Г.Стэндингтің «прекариат» концепциясы тұрғысынан қарастырып, талдайды. Зерттеу қоғамдағы теңсіздік пен әлеуметтік стратификацияның күшеюі жағдайында әлеуметтік жеделсатылар болмауы немесе тиімсіздігі ауыл жастары арасында маргинализацияның дамуына, теңсіздік пен әлеуметтік шиеленістің артуына жағдай жасайды деген қорытындыға келеді. Автор әлеуметтік ұтқырлықтың шетелдік тәжірибесін зерттеуге және Қазақстандағы ауыл жастары үшін әлеуметтік мобильділіктің дамуы мен жұмыс істеуіне қолайлы жағдайларды анықтауға талпыныс жасайды. Сондай-ақ ауыл жастары арасында әлеуметтік ұтқырлықтың жан-жақты дамуына кедергі келтіретін және қоғамдағы теңсіздікті арттыратын факторларды, оған қарсы тұруға болатын шараларды анықтайды. Автор ауыл жастарының мәселелерін шешуге, теңсіздікті азайтуға және әлеуметтік мобильділік арналарының, ауыл жастарының бейімделу және ықпалдасу тетіктерінің толыққанды жұмыс істеуі үшін жедел жағдай жасауға кешенді көзқарас қажеттігін атап көрсетеді.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-3.03
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр