Аңдатпа
Мақалада ұлтшылдықтың әлеуметтік-саяси құбылыс ретіндегі әртүрлі концепцияларына талдау жасалған. Ұлтшылдық феноменін түсінудегі көзқарастардың әртүрлілігі біртұтас әмбебап теорияның жоқтығын көрсетеді. Ұлт пен ұлтшылдықтың біршама күрделі мәселелерін ең ықпалды тұжырымдамаларға сүйене отырып қарастыруға талпыныс жасалды. Негізгі назар ХХ ғасырда қалыптасқан ұлт пен ұлтшылдықтың түйінді теорияларына аударылады.Ұлтшылдық мәселелерін зерттеу мен талдаудың негізгі әдістеріне қарай зерттеудің келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады. Ең алдымен ұлтшылдық құбылысының бірегейлігін негіздейтін примордиализм. Коммуникативті бағыт ұлтшылдықты дәстүрлі қоғамды жаңғыртудың негізгі құралы ретінде қарастырады. Конструктивистік теориялар ұлттар мен ұлтшылдықты мақсатты әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырады. Ұлт, конструктивизм бойынша, жасанды әлеуметтік бірлік. Функционалистер көзқарасы бойынша ұлтшылдықтың пайда болуы мен дамуы белгілі бір әлеуметтік функцияны жүзеге асырумен байланысты. Функционализм өкілдері ұлтшылдықтың негізгі міндетін әлеуметтік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуден көреді.Ұлтшылдықтың қалыптасуы қоғамның жаңаруымен, жалпыға міндетті білім мен жалпы мәдени құндылықтардың пайда болуымен байланысты. Жүргізілген талдау авторларға бұл тәсілдер ұлтшылдық феноменін зерттеуге және көпэтносты мемлекетте ұлттық саясат саласындағы мәселелерді шешудің практикалық әдістерін әзірлеуге негіз бола алады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан-Спектр