Аңдатпа
Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасындағы моноқалаларды дамыту мәселелері шешілмей келеді. Соңғы жылдары моноқалалардың депрессиялық жағдайы ушығып кетті. Бұл мақала Шығыс Қазақстан облысындағы моноқалалардың демографиялық әлеуетін дамытуға арналған. Зерттеуде салыстыру, сәйкестендіру, экстраполяция, модельдеу және бенчмаркинг әдістері қолданылды. Шығыс Қазақстан облысындағы моноқалалардың соңғы 10 жылдағы демографиялық көрсеткіштерін талдауға ерекше назар аударылады. Жүргізілген талдау негізінде 2030 жылға дейінгі моноқалалардың демографиялық дамыуының болжамы есептелді. Моноқалалардың демографиялық әлеуетінің дамуына әсер ететін факторлар анықталды. Авторлар соңғы 10 жылдағы моноқалалардың демографиялық даму индексін есептеуге әрекеттенді, ол қарастырылып отырған қалалардың көлемі мен демографиялық көрсеткіштерінің өсу қарқыны бойынша бағасын көрсетеді, сонымен қатар көші-қон балансын ескереді. Моноқалаларды дамыту бойынша іс-шаралар алгоритмі ұсынылды.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр