pdf (Русский)

Кілтті сөздер

әлеуметтік-еңбек жанжалдары, әлеуметтік-психологиялық факторлар, Қазақстан, менеджменттің рөлі, қызметкерлер

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ысмайылов , Е. (2023). ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ЖАНЖАЛДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ. Қазақстан-Спектр, 108(4). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-4.02

Аңдатпа

Қазақстанда әлеуметтік-еңбек жанжалдар санының айқын және қарқынды өсуі байқалады. Бұл мақаланың мақсаты олардың пайда болуының негізгі факторларын талдау, сондай-ақ олардың иерархиясындағы әлеуметтік-психологиялық факторлардың маңыздылығын анықтау. Деректерді жинау әдісіне Қазақстанда жүргізілген сараптамалық сауалнама, Қазақстандық БАҚ-та жарияланған, 2021-2022 жылдардағы ереуілдер барысында Қазақстандық жұмысшылардың айтылған талаптарын талдау, сондай-ақ өндіруші сектор кәсіпорындарының қызметкерлерімен терең сұхбаттар сериясы кіреді.

Негізгі тұжырымдар, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс беруші-компаниялардың елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға, елдегі әлеуметтік-еңбек жанжалдарының туындауын айқындайтын факторлардың құрылымына қосқан үлесінің маңыздылығын жете бағаламауының бар екендігін көрсетеді. Менің көзқарасым бойынша, бұл факторды менеджменттің рөлімен және ұжымдағы психологиялық ахуалмен қатар әлеуметтік-психологиялық сипаттағы фактор ретінде қарастырған жөн деп есептеймін. Айта кету керек, бірінші кезекте, біз шетелдік қатысуы бар ірі өндірістік компаниялардың қызметі жайында сөз қозғаудамыз.

Алғашқы екі фактордың - басқарудың, сондай-ақ ұжымдағы психологиялық жағдайдың маңыздылығын отандық сарапшылар және белгілі бір дәрежедегі қызметкерлер біледі. Компаниялардың операциялық қызмет орындарындағы инфрақұрылымға қосқан үлесінің маңыздылығын түсіну, әлеуметтік шиеленістің өсуіне әсер ететін маңызды фактор ретінде, оның ішінде, компания қызметкерлері арасында, бүгінде тіпті елдің сараптамалық қоғамдастығы деңгейінде де жоқ. Бұл фактор ереуілге шыққан қызметкерлердің талаптарында да көрінбейді, олардың басым көпшілігінде экономикалық сипатта болады. Дегенмен, ол жағдайға және алынған мәліметтерге неғұрлым егжей-тегжейлі үңілу арқылы бақыланады.

 

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2023-4.02
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр