Аңдатпа
Мақалада тарихы, тегі, тілі, діні жақын халық ретінде түрік халқымен салыстыра отырып, қазақ халқының діндарлығын түсініндіруге әрекет жасалды. Талдау 2018 жылғы екі елден де World Values Survey жинаған репрезентативті деректердің эмпирикалық сипаттамасына негізделген. Қазақ және түрік халқының дінді және оның мән мағынасын түсінудегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсете отырып, дінді құндылық ретінде қарастыру арқылы жұмыстың тақырыптық өрісі айқындалған. Екі топты діндарлығы бойынша бөлу әрекеті жасалды, түріктер практиктер (devout or practicing Muslim), ал қазақтар әлі атаулы (nominal or non-practicing Muslim) мұсылмандар. Мақалада Қазақстандағы діни ландшафтты қалыптастыратын радикалды исламшылдық, ұлттық жаңғыру аясындағы діни ренессанс және «кешіккен» модернизация нәтижесінде діндарлықтың өсуін түсіндіру сияқты факторлар көрсетілген.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан-Спектр