Аңдатпа
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық күн күн тәртібін анықтау, қоғамның назарын бірнеше негізгі қоғамдық мәселелерге аудару қабілеті – бұл ауқымды және нақты дәлелденген ықпал екені белгілі. Адамдар бұқаралық ақпарат құралдарынан маңызды мемлекеттік мәселелер туралы нақты ақпарат алып қана қоймайды, сонымен қатар хабар тарату процесінде тақырыпқа қаншалықты мән берілетініне қарап, белгілі бір тақырыптың қаншалықты маңызды екенін анықтайды. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, медиа құралдарында жарияланған ақпараттың қоғамдық өмірге, оның ішінде нақты оқиғаға қатысты қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпалы туралы ой қорытындылады. Дәстүрлі БАҚ алғашқы бетіндегі негізгі мақала, ірі әріптермен жазылған тақырыптар арқылы күнделікті шығарылымдардағы тақырыптардың маңыздылығына назар аудартады, теледидардан берілетін жаңалықтар да оқиғаның маңыздылығын жаңалықтар шығарылымындағы кіріспе әңгіме, уақыт ұзақтығы және басқаларға көңіл аудару арқылы жеткізсе, жаңа медиа онлайн режиміндегі ерекшелігімен, тікелей қарым-қатынастың артықшылығымен басымдық алады. Күн сайын қайталанатын бұл белгілер әр тақырыптың маңыздылығын тиімді жеткізеді. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыратын нақты мәселеге қоғамның назарын аудару арқылы күн тәртібін белгілей алады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 Қазақстан-Спектр