pdf (English)

Кілтті сөздер

өзара әрекеттесу саясаты
диаспора
диаспора дипломатиясы
қоғамдық дипломатия
трансұлттық байланыстар
ұлттық мүдделер

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрбек K. ., Калашникова N. ., & Сыдықназаров M.-A. . (2025). ДИАСПОРА ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ТРАНСҰЛТТЫҚ САЯСАТ: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ. Қазақстан-Спектр, 113(3). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.113.3.007

Аңдатпа

Мақалада диаспораның заманауи халықаралық қатынас жасаудың маңызы мен оның қоғамдық дипломатияның акторы ретінде атқаратын рөлі қарастырылады. Зерттеу барысында диаспораның халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастыққа ықпалы лоббизм, мәдени дипломатия, экономикалық трансферттер және т.б. сияқты факторлар арқылы талданады. Зерттеу негізінде авторлар қарқынды жаһандану мен трансұлттандыру жағдайында шетелдегі диаспораның рөлі мен әлеуетін төмендетуге не елемеуге болмайды деген қорытындыға келеді. Қазақстан жағдайында шетелдегі диаспораның маңыздылығы елдегі «ақыл-ой мен еңбек күшінің» жылыстауы сияқты өзекті мәселелер арқылы қарастырылады. Авторлар форсайт-болжау әдісі арқылы диаспорамен өзара әрекеттесудің даму дәрежесіне байланысты Қазақстанға арналған қарым-қатынас әрекеттесу дамуының ықтимал сценарийлерін ұсынады. Мақала диаспора дипломатиясын халықаралық қатынастардың жетіліп келе жатқан саласы ретінде зерттеуге үлес қосуға әрі әлемнің жаһандану және трансұлттануы жағдайында оны дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынуды көздейді. Таңдалған тақырыптың ғылыми-тәжірибелік маңызы елдің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізу және шетелдегі отандастармен өзара әрекеттесуде ұлттық көзқарасты толық түсінуді діттейді.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.113.3.007
pdf (English)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр