Аңдатпа
Университеттердің академиялық бағытына қарай жіктелуі білім беру саясатын қалыптастырудың және жоғары білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлаудың негізгі элементі болып табылады. Бұл мақалада халықаралық тәжірибені талдау негізінде оқу, ғылыми-зерттеу және қолданбалы университеттерді анықтау әдістемесі қарастырылған. Критерийлер университеттердің әлемдік рейтингінің әдістемелеріне, аккредиттеу стандарттарына, сондай-ақ оқу орындарының бағдарламалық және миссиялық құжаттарына негізделген. Жұмыста ұсынылған тәсілдер мемлекеттік органдар, академиялық қоғамдастық және жоғары білім беруді дамыту процесіне қатысатын басқа да мүдделі тараптар үшін нұсқаулық бола алатын критерийлердің бірыңғай жүйесін жасауға бағытталған.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр

