Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мен этникалық қазақтардың (қандастардың) бейімделуін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – репатрианттарды интеграциялау саласындағы нормативтік реттеу мен институционалдық тетіктердің тиімділігін құқықтық кепілдіктер мен олардың іс жүзінде жүзеге асырылуы арасындағы сәйкестік тұрғысынан бағалау. Зерттеу әдістемесі нормативтік-құқықтық актілерді талдауды, қандастармен жүргізілген тереңдетілген сұхбаттарды сапалық талдауды және ғылыми жарияланымдарды екінші деңгейлі талдауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы репатриацияны құқықтық қамтамасыз ету моделі формалды түрде кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтық алудың жеңілдетілген рәсімдерін көздейтінін, алайда тәжірибеде нормативтік модель мен әкімшілік іске асыру арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті. Азаматтық алу рәсімдерінің күрделілігі, ведомстволық өкілеттіктердің бөлшектенуі, құжаттарды заңдастыру мәселелері, қолдау шаралары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі және бейімдеу орталықтарының тиімділігінің төмендігі негізгі кедергілер ретінде анықталды. Зерттеу нәтижелері көші-қон саясатын жетілдіруде қолданылуы мүмкін.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

