Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау мәселелері қаралды. Зерттеу барысында мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі нормативтік құжаттарға талдау жасалды. Зерттеу Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқару қызметтерінің қазіргі жағдайын ашады.
Сонымен қатар, өткен есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі туралы статистикалық деректер келтірілген. Мақалада Дүниежүзілік Банк жүргізетін мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі бойынша жаһандық зерттеу деректері келтірілген. Халықаралық зерттеу нәтижелері мемлекеттік қызметті трансформациялаудың алдыңғы тәжірибесі өзінің оң нәтижелерін бергенін дәлелдейді. Алайда, Қазақстанға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін кемінде үш онжылдық қажет болады. Мемлекеттің адам ресурстарын басқаруға бағдарлануы және персоналды басқару қызметтеріне маңыздылық беру мемлекеттік қызметтің тиімділігін жақсарту тетігі бола алады.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 Қазақстан-Спектр