Аңдатпа
Аңдатпа.Бұл мақала Қазақстандағы әлеуметтік серіктестік институтын мемлекет пен азаматтық сектордың қарым - қатынасының әлеуметтік диалог, теңдік, серіктестік пен консенсус идеясына негізделген және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған ерекше формасы ретінде зерттеуге арналған. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ерекше назар аударылады, атап айтқанда, білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестіктің мысалы келтірілген. Қосымша дереккөздерді, мемлекеттік ресми құжаттарды зерттеу негізінде автор әлеуметтік институттардың қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның ерекшеліктерін, артықшылықтарын, сондай -ақ серіктестік мақсаттарын жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер мен кедергілерді анықтауға тырысты. Мақаланы талдай отырып, әлеуметтік серіктестіктің институты жұмысының оң жақтарымен одан әрі нығаюы мен дамуына кедергі келтіретін белгілі бір теріс аспектілер бар деген қорытындыға келеді.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 Қазақстан-Спектр