Аңдатпа
Аңдатпа. Бұл жұмыста біз азық-түлік қауіпсіздігі мен әл-ауқат арасындағы байланыстың мінез-құлық ниеттерінің медиаторлық рөлін және салауатты тамақтану туралы білім мен ұжымшылдықтың модераторлық рөлін зерттей отырып, осы процеске негізделген тәсілдердің маңыздылығын атап өтеміз.
Авторлар сандық зерттеу әдісін қолданды. Азық-түлік қауіпсіздігін өлшеу үшін USDA 6-тармақтан тұратын модулі қолданылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған студенттердің әл-ауқатын өлшеу үшін бес факторлық индекс қаралды. Ұжымшылдықты өлшеу үшін 14 элементтен тұратын COS модулі қолданылды. Салауатты тамақ туралы білімді Флинн мен Голдсмит әдісі және мінез-құлық ниеті Цейтамл әдісі арқылы өлшенді.
Авторлар әл-ауқатқа әсер етуі мүмкін факторларды тауып, содан кейін Алматы қаласының 7 ірі университеттерінде сандық сауалнама жүргізді.
Әл-ауқатқа азық-түлік қауіпсіздігі оң әсер ететіндігі және олардың маңызы жоғары екендігі анықталды. Сондай-ақ, ұжымшылдық олардың ара-қатынасына оң әсер ететіні анықталды.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2022 Қазақстан-Спектр