pdf (Русский)

Кілтті сөздер

Сириядан оралған репатрианттар, оңалту, реинтеграция, дерадикализация.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мұхатаева, Г., & Алонсо Маркос, А. (2022). ТЕРРОРИСТІК БЕЛСЕНДІЛІК АЙМАҒЫНАН ОРАЛҒАН РЕПАТРИАНТТАРДЫ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ МОДЕЛІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЙС. Қазақстан-Спектр, 101(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2022-1.05

Аңдатпа

2019 жылғы қаңтарда Қазақстан Сирия мен Ирак аумағындағы халықаралық террористік ұйымдардың әрекеттер ауданында болған өз азаматтарын эвакуациялауды бастады. Репатрианттарды оңалту мен қайта интеграциялаудың үш жылдық кезеңіне қарамастан, бағдарламаны іске асыруда білікті мамандардың жетіспеушілігімен, Таяу Шығыс аумағынан оралған репатрианттар мен балалардың қамқоршыларының тұрмыстық және қаржылық мәселелерінің шешілмеуімен, оралған әйелдердің өмірін қорғаумен, олардың әлеуметтік стигматизациясымен, жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің барабар индикаторларының болмауымен байланысты қиындықтар байқалады. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен түсініктемелерге контент-талдау жасау негізінде әскери қақтығыс аймақтарынан азаматтарды қайтару және оларды оңалту жөніндегі мемлекеттің бастамасын іске асыруды шектейтін ақпараттық және коммуникациялық стратегияның кемшіліктері зерделенді. Қоғамдық санада оралған адамдардан келетін қауіптер туралы таптаурындар сақталуда. Қоғамдық айыптау мен қабылдамау терапияға қарсы әсер етеді және әйелдер мен балалардың реинтеграция үдерісін қиындатады. Сараптамалық сауалнаманың нәтижелері репатриан-әйелдердің дерадикализациялау кезінде гендерлік факторды елемеу пенитенциарлық жүйеде ерлердің радикалды мінез-құлқы мен сенімдерін түзету үшін қолданылатын көптеген технологиялардың, соның ішінде теологиялық түзетудің «жұмыс істемейтін құралдарға» айналғанын көрсетеді. Оңалту бағдарламасындағы осалдықтар репатрианттардың қайтадан радикалдануына әкелуі мүмкін.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2022-1.05
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2022 Қазақстан-Спектр