Аңдатпа
Заманәуи әлемде мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарының тиімділігі көбінесе цифрлық шешімдерді енгізу арқылы мемлекеттік басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру арқылы анықталатындығына байланысты зерттеу тақырыбы ғылыми қызығушылық танылытуда.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында цифрландыруды жедел дамыту жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жұмыспен қамтудың қашықтықтан нысандары мәселесін зерделеу мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өз кезегінде, осы мақалада қашықтықтан жұмыс істеу кезінде,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметінде, орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда жекелеген мемлекеттік функциялар
мен қызметтер мысалында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар жұмысының тиімділігі бағаланады.
Аталған зерттеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Дүниежүзілік банкпен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп жүргізген әлеуметтік сауалнамаларының нәтижелеріне бағытталды.
Қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтегі қашықтықтан жұмыс режимінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсынымдар ұсынылды.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр