pdf (Русский)

Кілтті сөздер

білім беру сапасы, оқыту сапасы, рефлексия, рефлексиялық қызмет.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Құдайберегенева, К. ., Ісалдаева, С., & Әбен, А. . (2024). РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Қазақстан-Спектр, 109(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2024-1.08

Аңдатпа

Бұл мақала жаңа қарқын алып жатқан ашық қоғамдағы білім сапасы мәселесін қарастыруға көмектеседі. Өйткені, сапалы білім қазіргі таңда Жаңа Қазақстанды құру жолында ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестікті анықтаудың кілті болып табылады. Мақалада жаңа Қазақстанды құру жағдайында білім беру сапасын дамыту стратегиясын жақсарту бойынша рефлексиялық әрекетттің маңыздылығы ашылған. «Тыңдай алатын мемлекет» концепциясы негізінде рефлексиялық әрекетті зерттеу жоғары оқу орындарының білім беру қызметін тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес талдауға мүмкіндік береді.

Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің рефлексиялық есептерінің нәтижелерін сандық және сапалық талдау негізінде оқытушылардың ынталандыру әдістері, кәсіби өсуге ықпал ету, танымдық аспектілер, эмоционалдық көңіл-күй және ләззат сияқты көрсеткіштер айқындалып, мұғалімдердің іс-әрекеті мен қарым-қатынасына қатысты білім алушылардың пікірлері құрылымдалған. Студенттердің білім сапасы туралы пікірлері көп жағдайда өзіне, олардың қабылдауына және өз іс-әрекетіне рефлексия жасау қабілетіне байланысты екені атап өтіледі. Сондықтан рефлексиялық әрекет жеке тұлғаның дамуының ғана емес, білім сапасын арттырудың да басты факторы деп сеніммен айта аламыз.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2024-1.08
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан-Спектр