pdf (Русский)

Кілтті сөздер

интернационалдандыру
геосаяси процестер
интеграция
академиялық ұтқырлық
ғылым және білім беру хабы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нахбаева, Г. ., Нуртазина , Р., & Әділова, Л. (2024). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ЕСЕБІНДЕГІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ҚАЗІРГІ АХУАЛ ЖӘНЕ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ. Қазақстан-Спектр, 112(4). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2024.112.4.006

Аңдатпа

Аңдатпа.

Жоғары білім беруді интернационалдандыру – мемлекеттік саясаттың стратегиялық объектісі, өйткені ол мемлекетке қажетті кадрларды даярлауға бағытталған. Оған қоса, академиялық ұтқырлық қоғамдық дипломатияның дамуын нығайтады. Студенттер академиялық ұтқырлық үшін шет елдерді және жоғары оқу орындарын білім беру қызметтерінің кең спектрдегі мүмкіндіктеріне қарай ғана емес, ондағы шет тілін меңгеру деңгейін жақсарту және жаңа елдің мәдениетімен танысу мүмкіндіктеріне қарай таңдайды. Таңдауға тұрарлық білім беру климатын құра отырып, жоғары оқу орындары әлемдік зерттеу рейтингтеріндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бұл мақалада ішкі, әрі сыртқы әлеуметтік-саяси және демографиялық процестердің Қазақстан Республикасындағы интернационалдандырудың тиімділігі мен академиялық ұтқырлық сапасына ықпалы қазіргі геосаяси реалия контекстінде талданған. Қазақстандағы шетелдік және отандық студенттердің академиялық ұтқырлығындағы сапалық және сандық өзгерістерге талдау жүргізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ғылым және білім беру хабы болып қалыптасу перспективалары бағаланып, бұны іске асыру бойынша қолданбалы ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жоғары білім алу үшін шетел асатындар санының артуы (қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша оқу, студенттік алмасулар, кәсіптік тағылымдамалар және т.б.) сияқты рисктерді атап өткен жөн. Шетел асатындардың атап айтарлық бөлігін жастар, яғни студенттер қауымының ең мобильді бөлігі құрайды.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2024.112.4.006
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан-Спектр