Аңдатпа
Бұл мақалада 1917-1991 жылдар аралығында Қазақстанда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және дамыту процесі қарастырылады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі елдегі мемлекеттік билік институтының қалыптасуы мен эволюциясының ерекшелігіне, сондай-ақ жергілікті Кеңестердің халықтық өкілдіктің бірегей нысаны ретінде қалыптасу кезеңдеріне және олардың Қазақ КСР-нің қоғамдық өміріне ықпалына ерекше назар аударылады. Сол кезеңдегі қолданыстағы Конституциялар, заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жергілікті кеңестердің құқықтық және нақты өкілеттіліктері талданады. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары ретінде жергілікті Кеңестердің эволюциясына салыстырмалы талдау жүргізіледі.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр