pdf (Русский)

Кілтті сөздер

Орталық Азия, Қытай, АҚШ, Сауда-экономикалық қатынастар, инвестициялар, «Бір белдеу-бір жол», геоэкономика

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ибраева, Ә. (2025). ҚЫТАЙ МЕН АҚШ-ТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Қазақстан-Спектр, 113(4). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.113.4.011

Аңдатпа

Мақалада соңғы он жыл ішіндегі Орталық Азия елдерінің Қытай Халық Республикасы (ҚХР) және Америка Құрама Штаттарымен (США) сауда-экономикалық қатынастарына жан-жақты салыстырмалы талдау жүргізіледі. Зерттеу бенчмаркинг-тәсіліне сүйеніп, сыртқы сауда динамикасын, экспорт пен импорт құрылымын, инвестициялық ағымдарды және инфрақұрылымдық жобаларды қамтиды. Осы кезеңде Қытайдың өңірдің жетекші сыртқы экономикалық әріптесіне айналып, тауар айналымын едәуір ұлғайтып, импорттың негізгі көзіне және шикізат өнімдерінің ірі нарықтарының біріне айналғаны көрсетіледі. Көпдеңгейлі және ауқымды қытайлық стратегияға қарама-қарсы, АҚШ-тың экономикалық қатысуы шектеулі болып қалып, негізінен тар салаларға бағытталған сипатқа ие. Америка тарапынан белсенділік жоғары технологиялық салалар мен шикізаттық инвестицияларда, әсіресе Қазақстанның мұнай-газ секторында шоғырланған. Сонымен қатар соңғы жылдары «C5+1», «B5+1» тетіктері және Орталық Азияның экономикалық тұрақтылығын арттыру бастамасы (ERICEN) бастамасы арқылы америкалық модельдің институционалдық нығаюы, сондай-ақ Транскаспий көлік дәлізін дамыту мен стратегиялық минералдар бойынша ынтымақтастықты қолдау байқалады. Екі модельді салыстыру өңірлік геоэкономикалық тепе-теңдіктің өзгергенін, сонымен бірге Орталық Азия елдерінің көпвекторлы саясат пен сыртқы әріптестерді әртараптандыруға деген жоғары қызығушылығын сақтап отырғанын көрсетеді.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.113.4.011
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр