Аңдатпа
Мақалада білім беру сапасы мен адами капиталды дамыту арасындағы өзара байланыс құзыреттілік категориясы арқылы талданады. Адами капиталды айқындаудың теориялық тәсілдері мен оны қазіргі жағдайда өлшеудің проблемалары қарастырылады. Білім беру нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан бағалау құралы ретінде кваліметрия әдістемесіне ерекше назар аударылған. Құзыреттілік үлгілерін талдау және сараптамалық талқылаулар негізінде авторлық модель ұсынылып, онда құзыреттілік адами капиталдың дамуының интегралды көрсеткіші ретінде қарастырылады. Модельде дәстүрлі элементтер (білім, іскерлік, дағдылар) ғана емес, сондай-ақ тұлғаның құндылықтық сипаттамалары (адамгершілік, дүниетаным, коммуникативтік қабілеттер) де ескерілген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы білім сапасы мен адами капитал сапасын өзара байланыстыратын кешенді индикатор ретіндегі құзыреттіліктің рөлін нақтылауда. Жұмыстың практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді педагогикалық кваліметрияда және білім саясаты жүйесінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан-Спектр

