Аңдатпа
Мақалада 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін Ресейдің Каспий аймағындағы саясаты зерттелген. Осы құжаттың қабылдануы Ресейге сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Каспий маңы аймақтарындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударуға мүмкіндік берді. Ресейде басты назар көлік және онымен байланысты инфрақұрылымды дамытуға аударыла бастады. Ресейде порт құрылысы ұзақ мерзімді мәселелерді шешу тұрғысынан қарастырылады. Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттерінің субъектілерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Ресей саясатының жаңа бағыты болды. Қорытындылай келе, Ресей өзінің Каспийдегі саясатын жүзеге асыруда Каспий маңы мемлекеттерінің экономикалық белсенділікті кеңейтуге бағытталған белсенділігінің жоғарылауын және үлкен қызығушылық танытатын Каспий аймағына жатпайтың мемлекеттердің іс-әрекетің ескеруі керек деген қорытындыға келді.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 Казахстан-Спектр