Аңдатпа
Бұл жарияланым Қытайдың әлемдегі жетекші энергетикалық держава ретінде қалыптасуына ықпал еткен себептерді талдауға арналған. Авторлар жүйелік, факторлық және салыстырмалы талдау әдістерін, логикалық синтезді қолдана отырып, Қытайда жүзеге асырылып жатқан «жасыл көшу» процесін, сондай-ақ Қытайдың әлемдік технологиялық элитаның үздік көшбасшылары қатарына шығу факторларын қарастырды. Авторлар ҚХР қол жеткізген табыстар мемлекеттің тұрақты дамуы мақсатында мемлекеттік қолдауды, Қытайдың қаржылық, өнеркәсіптік және технологиялық мүмкіндіктерін үйлестіруді, ғылыми жаңалықтарды қамтамасыз еткен мақсатты стратегияның арқасында мүмкін болды деген қорытындыға келді. Қазақстанды да қосуға болатын дамушы елдер үшін Қытайдың энергетиканы дамыту тәжірибесінің маңызы оның олардың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, әлемдік энергетикалық дамудың басты тренді болып табылатын «жасыл көшу» үшін жағдай жасаудың кілті бола алатындығында.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

