Аңдатпа
Мақалада берілген ақпарат шолу болып табылады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім саласына кешенді талдау жүргізілді. Жоғары білім сапасын анықтайтын факторлардың негізгі топтары қарастырылды: олар академиялық стандарттар мен аккредитациялау, курстар мен оқу бағдарламалары, түлектерді жұмысқа орналастыру және т.б. Сапа деңгейіне бірқатар зерттелетін факторлар айтарлықтай әсер етеді, мұндай факторларға оқытушылардың кәсіби біліктілік пен олардың ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы, еңбек нарығы мен ғылым жетістіктерінің сұраныстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларының өзектілігі жатады. Осы факторлардың әсерін зерттеуі проблеманың негізгі жақтарын тереңірек түсінуге және оны шешудің тиімді стратегияларын, университеттерді барабар қаржыландыру мен басқаруды әзірлеуге, олардың дамуына және Қазақстанда жоғары білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Шетелдік жетекші университеттермен халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың білім сапасына оң ықпалы анықталып, зерделенді. Қазақстан Республикасындағы және әлемдік қоғамдастықта білім сапасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізілді, жалпы тенденциялар мен жоғары білім сапасын бағалаудың әртүрлі тәсілдері анықталды, олардың әрқайсысы бірегей тарихи, мәдени және саяси жағдайды контекстері көрсетілді. Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан-Спектр