Аңдатпа
Мақала Орталық Азия елдеріндегі билік транзитіне немесе оның болмауына байланысты саяси тәуекелдерге салыстырмалы талдау жасауға арналған. Теориялық негізді саяси мәдениеттің үш түрін: бейімделгіш-патерналистік, рефлексивті-скептикалық, желілік өзін-өзі ұйымдастыру мәдениетін және оларға сәйкес келетін тәуекелдерді: институционалдық белгісіздік, үміттердің алшақтығы, әлеуметтік жұмылдыруды ажырататын типология құрайды. Тәуекелдің жасырын нысандарына ерекше назар аударылған. Бес елдің материалдары негізінде транзиттің әртүрлі үлгілері: басқарылатын, элиталық консенсус, революциялық, жабық, сондай-ақ транзиттің болмауы тәуекелдердің әркелкі конфигурациясын туғызатыны көрсетілген. Ұсынылып отырған типология тәуекелдер конфигурациясындағы айырмашылықтарды саяси мәдениеттің басым түрі арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

