Аңдатпа
Мақалада Қазақстан университеттерінің қаржылық емес есептілік тәжірибесіне Есептілік жөніндегі жаһандық бастама (Global Reporting Initiative, GRI) стандарттарын инновациялық экожүйені басқарудың тиімді құралы ретінде енгізудің мүмкіндіктері мен орындылығы зерттеледі. Университеттердің тұрақты даму саласындағы халықаралық тәжірибесін, Қазақстанның ұлттық нормативтік-құқықтық базасының ерекшеліктерін және елдегі инновациялық ортаның өзіндік сипатын талдау негізінде GRI стандарттарын академиялық ортаға енгізудің әлеуеті мен перспективалары бағаланып, сондай-ақ осы үдерістің негізгі кедергілері мен тәуекелдері айқындалды. Зерттеу барысында университеттердің инновациялық әлеуетін бағалауға қолданылатын қаржылық емес есептіліктің негізгі көрсеткіштері талданып, ашылатын деректердің сапасын арттыруға және жоғары оқу орындары қызметінің инновациялық құрамдас бөлігін күшейтуге бағытталған GRI стандарттарын бейімдеу жөніндегі ұсынымдар тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелері GRI стандарттарын қолдану университеттер қызметінің ашықтығын арттыруға, мүдделі тараптармен өзара байланыстарды нығайтуға және өңірлік әрі ұлттық инновациялық экожүйелерді қалыптастыру үшін орнықты негіз құруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

