Аңдатпа
Мақалада «Белдеу және жол» бастамасын іске асыру контекстінде Еуразиялық логистика жүйесіндегі Орта дәліздің институционалдық өзгерістеріне талдау жүргізіледі. Зерттеудің мақсаты ретінде маршруттың өңірлік транзиттік бағыттан жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақты элементіне айналу факторларын анықтау, сондай-ақ Еуразияның жаңа логистикалық архитектурасын қалыптастыру үдерісінде Қазақстан Республикасының рөлін бағалау болып табылады. Әдістемелік негізді неоинструционалды тәсіл, геоэкономикалық талдау және сценарийлік модельдеу элементтері құрайды. Талдау жүргізу кезінде жүк ағындары динамикасының деректері талданды, инфрақұрылымның даму деңгейі және маршрутқа қатысушыларды үйлестірудің институционалдық тетіктері бағаланады. Тұрақтылықтың негізгі факторлары ретінде көлік процедураларын контейнерлеу, цифрландыру және бірегейлендіру процестеріне ерекше назар аударылады. Зерттеудің негізгі қорытындысы ретінде институционализация тасымалдаудың сенімділігі мен болжамдылығын арттырудың шешуші шарты болып табылады. ТХКБ-нің одан әрі дамуы оның транзитті ғана емес, сонымен қатар қосымша құнды құруды қамтамасыз ете алатын экономикалық дәлізге айналуымен байланысты.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

