pdf (Русский)

Кілтті сөздер

Орталық Азия, АҚШ сыртқы саясаты, ЕО сыртқы стратегиясы, аймақтық қауіпсіздік, экономикалық өзара байланыстылық, геосаяси бәсекелестік, С5 1 форматы, ЕО-Орталық Азия қатынастары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Құрмашев, Д. ., & Құсаинова, А. (2026). АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МҮДДЕЛЕРІ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫ. Қазақстан-Спектр, 114(3). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.3.007

Аңдатпа

Бұл мақалада аймақтық және жаһандық геосаяси динамиканың өзгеруі жағдайында Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы мүдделері мен стратегиялары талданады. Соңғы жылдары Орталық Азия өзінің стратегиялық географиялық орналасуы, энергетикалық ресурстарының молдығы және Еуразиядағы тарнсконтиненталдық көлік дәліздерінің қалыптасуындағы рөліне байланысты жетекші халықаралық акторлардың назарын көбірек аударуда. Зерттеуде АҚШ пен ЕО аймақтағы негізгі саяси және экономикалық басымдықтары, сондай-ақ, олардың саясатын жүзеге асырудың институционалдық тетіктері қарастырылады. Ерекше назар ОА елдерімен екіжақты қатынастарға және С5+1 диалогы мен ЕО-Орталық Азия ынтымақтастық алтформалары сияқты көпжақты ынтымақтастық форматтарына аударылады. Жүргізілген талдау АҚШ негізінен қауіпсіздік мәселелеріне, саяси реформалар мен аймақтық тұрақтылыққа басымдық беретінін, ал ЕО экономикалық ынтымақтастыққа, инфрақұрылымдық өзара байланыстарды дамытуға және тұрақты даму бастамаларына көбірек көңіл бөлетінін көрсетеді. Олардың қолданатын тәсілдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, екі актор да аймақтағы өз қатысуын нығайтуға және ОА мемлекеттерінің сыртқы саяси серіктестерін әртараптандыруға ықпал етуге ұмтылады.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.3.007
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр