Аңдатпа
Бұл мақала төменгі деңгейде сайлауалды науқанды өткізудегі кедергілер мен шектеулерді зерттеуге, сондай-ақ сайлауалды үгіт-насихат жүргізудің тиімді құралдарын анықтауға арналған. Зерттеу аясында 2021 жылғы ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы бойынша сарапшылармен тереңдетілген сұхбат негізінде сайлауды заңнамалық реттеу саласындағы факторлар, жеке мотивация және ауылдық жерлердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары анықталды. Сонымен қатар, мақалада төменгі деңгейдегі сайлау тұрғысынан тиімді сайлау науқаны құралдары ұсынылған.
Деректерді жинау әдісі ретінде сапалы әдіс – саясаттану, мемлекеттік басқару және экономика саласындағы сарапшылармен тереңдетілген сұхбаттар пайдаланылды. Мақаланың бастапқы негізі осы тақырып бойынша бұрын жүргізілген сұхбаттар мен зерттеулердің нәтижелері болды.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2023 Қазақстан-Спектр